jasqazaq.kz

Ұрпақ сабақтастығының жарқын үлгісі

22 мамыр 2024, 18:44


Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа ту тіккен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жлдығына орай «Аталар амнатына адалмыз» атты дөңгелек үстел болып өтті.


Шараны «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бірлестік Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлерді (271 мыңнан астам) жүйелі түрде іздестірумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз ұйым. Осы кезеңде «Атамның аманаты» сайты арқылы іздеуге 9 мыңға жуық өтініш түскен. 4000-ға жуық қазақ жауынгерлерінің жерленген жерлері мен тұлғалары анықталды. 19 майдангердің сүйегі Отанына жеткізіліп, әскери құрметпен жерленді.
«Атамның аманатының» тағы бір миссиясы – жастарды рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиелеу арқылы тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау болып табылады.


Дөңгелек үстелге «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, М.С.ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Мұрат Ағыбаев, ҚР Ұлттық қорғаныс универитетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы (PhD) Ербол Спатаев, ҚР Мемлкеттік әскери-тарихи музейінің қызметкері, запастағы полковник Өнербек Умралин қатысып, сөз сөйледі. Аталған шараға Астана қаласындағы колледж студенттері де қатысып, аға ұрпақ ерлігі мен өмірі туралы баяндама жасады.
«Тектіден текті туады, тектінің жолын қуады» дейді халық даналығы. Тұлпардың тұяғы Талғат Нұрмағамбетов те әке жолын қуып әскери қызметті таңдады. Ол әскери медицина саласындағы қазақтан шыққан тұңғыш генерал. «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, Чернобль мен Спитактағы зілзала апатын жоюға белсене қатысушы.
Өмірден ерте кеткен Талғат Сағадатұлының әскери қызметі туралы медицина ғылымдарының докторы, полковник Қайырбек Дакенов пен медицина ғылымдарының магистрі, полковник Саулет Қалдашов әңгімелеп берді.


Сонымен қатар, қос батырдың ұрпақтары — Дәурен Қошқарбаев пен Лира Нұрмағамбетова өз аталары жайлы естеліктерімен бөлісті.

Абзал Ибрагим

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі