jasqazaq.kz

Ұрады, соғады, қайта татуласады. Рахат Тұрлыхановтың ісі сотта қайта қаралды

16 қантар 2024, 12:24


Әнші Рахат Тұрлыхановтың ісі Алматы қалалық сотында апелляциялық сатыда қаралып жатыр. Zakon.kz хабарлағандай, Рахат Тұрлыханов БАҚ өкілдерінің процеске қатыспауын сұрап, сот төрағасынан істі жабық түрде қарауды сұрады.

Ол журналистердің оны суретке түсіріп, видеоға түсіруіне де қарсы болды. Оның өтінішін Тұрлыхановтың адвокаты мен жәбірленушінің өзі қолдады. Осыған байланысты судья Қанат Молдашев әкімшілік істі ашықтан жабық түрге ауыстырды. Іс прокурордың наразылығы негізінде қаралып жатыр. 2жылдың 9 қаңтарда Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әншіге қатысты істі қараған болатын. Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, 2023 жылдың желтоқсанында Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сотта ол кінәсін мойындап, өкініп, тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Әншінің әйелі фактіні растап, күйеуімен татуласқанын айтты. 2023 жылдың қазан айында Тұрлыхановқа әйелін ұрды деп айып тағылған болатын, бірақ сот татуласуына байланысты істі тоқтатқан.

Сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза баптың санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі