jasqazaq.kz

Қырғыз баласы сыйлыққа күшік сұрады

31 желтоқсан 2016, 23:00

Жалал-Абад облысының мектеп оқушысы Ерлан Ташбаев президент Алмазбек Атамбаевтан жаңа жылдық сыйлыққа алабай күшігін алды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ол бұл жайында Turmush тілшісіне айтып берді. Биыл Ерланға досы Нұрбақ күшік сыйлаған, алайда ол өліп қалды. «Күшік үсіп өлгенде, күні бойы жыладым. Сосын «Шырша» атты ресейлік фильм көрдім. Онда Ресей президенті баланың арманын орындайды. Мен де президентке хат жазбақшы болып шештім», — деді ол. Хатта өзі жайлы, Жаңа жылда сыйлыққа күшіктен басқа қандай сыйлық қалайтынын жазды. Бірақ оны ата-анасына айтпады. Хатты Бішкекке жол жүрген әпкесі Айнұрдан беріп жіберді. Ол хатты Ақ үйге апарған. «Мен жаңа жылдық шыршаға қатысқым келген, тілегім орындалып, президенттік шыршаға қатыстым. Ағаларыма компьютер сұрадым. Анамда компьютер бар, бірақ онымен ол өзі жұмыс істейді. Өзіме телефон да сұрадым, себебі өзімдікін жоғалтып алғанымын. Телефон маған анаммен сөйлесіп тұру үшін қажет болды. Көршілер бірлік жоқ деп, телефондарын бере бермейді», — деді ол. Жаңа жыл қарсаңында Ерланға қонақтар келді. Мемлекет басшысының сыйлығын Жалал Абад облысы үкіметінің өкілетті өкілі Қыянбек Сатыбалдиев алып келді. «Күшік — ең басты арманым ед. Барлық тілегім орындалды», — деді ол. Ерлан қазір 6 сыныпта оқиды, ол отбасындағы үшінші бала.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде