jasqazaq.kz

«Үп-үлкен әйелді күлкі еткені еркектің ісі емес». Мақпал Жүнісованы әжуа еткендер оңбай сөз естіді

02 қазан 2024, 14:32

Әлеуметтік желіде әнші Мақпал Жүнісова туралы неше түрлі нәрселер әлі жарияланып жатыр. Ринат Балғабаев әншіге әжуа жазба арнапты. Оған белгілі журналист Ораз Әлімбеков Фейсбуктегі парақшасында жауап берді.

«Жер-әлем Пи Диддидің оқиғасын екі қалып, бір туғанынандай талқылап жатыр. Біздің қазақтар да қалысып жатқан жоқ. Бірақ осы тұста Ринат Балғабаев бір әжуа жазба жариялапты.

Онда Мақпал Жүнісова әншімізді келеке еткен екен. Онысы ұят енді. Ринаттың қағытпа сөздің шебері екенін білеміз, бір ауыз әзілмен-ақ қоғамдағы талай тақырыптарды көтеріп жүрген азамат. Бірақ «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, Мақпалды күлкі еткені жөн болмады.

Мақпал — қазақ эстрадасында өзіндік орыны бар күміс көмей әнші. Қазақтың ерке қызымын деп еркелеп жүріп, артық кеткен кездері де болған шығар. Бірақ ол қатесін мойындады, халық алдына шықты, халық та оған түсіністікпен қарап жатыр. Енді беті жазылып келе жатқан жараны қайта-қайта тырнайтындай не көрінді?!.

Мақпалдың сондай күйге түскенін көру қазақ халқына да ауыр тиген болар деп ойлаймын. Жастайымыздан әндерін тыңдап, сахнада бал-бұл жайнап жүргенін көріп өскеннен кейін бе, жаныңа батады екен. Осы тұста өзінің әзіл-оспағына Ринат Мақпал сияқты қазақ қоғамында сыйлы адамдарды тықпаса екен деген бір ауыз бұйымтай бар.

Ер жігіт болып үп-үлкен әйелді күлкі еткені еркектің ісі емес. Мақпалдың басынан не өтпеді, көріп жүрміз ғой, шоу-биз болған соң… Тіпті күлгісі келіп бара жатса, басқа біреуді мысалға алу керек еді…
Эх, бірі кем қу дүние-ай!», — деп жазды ол.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде