jasqazaq.kz

Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті

28 шiлде 2025, 11:43

Қазақ халқының сан ғасырлардан бері сақталған игі дәстүрінің бірі – қымызмұрындық. Бұл — жаз жайлауға көшкен елдің алғаш ашытқан қымызын бөлісіп, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен қауышып, ақ баталы қариялар мен ақ жаулықты аналарды дәмге шақыратын ізгі салт. Бүгінгі заманға сай өткізіліп жүрген бұл іс-шара қоғамдағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізетіні анық.
Міне, Ордабасыда осы дәстүрді жаңғырту мақсатында аудан орталығындағы Ардагерлер саябағында «Қымызмұрындық» іс-шарасы өткізілді. Арнайы тігілген киіз үйде ауыл ақсақалдары, ел ардақтылары, зиялы қауым өкілдері мен түрлі этностардың өкілдері бас қосты. Қымыз сапырылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Ақсақалдар батасын беріп, ұрпақ тәрбиесі, ел бірлігі және дәстүр сабақтастығы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, ауыл қарияларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудан басшысы өз сөзінде ұлттың рухани жаңғыруы мен дәстүрлі құндылықтарды ұлықтаудың маңызына тоқталды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты ата-баба жолын қадірлеуге, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді. Қымызмұрындық – тек қымыз ішу емес, ұлт бірлігін, ауыл ынтымағын, ұрпақ сабақтастығын насихаттайтын салт. Бұл шара – ұлт руханиятының, мәдениетінің, дархан көңілінің жарқын көрінісі болды.
JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді