jasqazaq.kz

Ынтымақтастық бағдарламасы жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашады

09 ақпан 2024, 20:26

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Арменияның Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазғандай, кездесуде мәдениет және спорт министрлігі мен Армения Республикасының білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы екі елдің өзара серіктестіктігін нығайтуға және бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Аида Балаева министрлік мәдениет, ақпарат, дін, архив ісі, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты салаларын реттеу, сондай-ақ креативті индустрияны дамыту жөніндегі негізгі орган екенін айтты.
«Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында креативті индустрия саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл сала медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтып, экономиканың өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.
Стратегиялық міндеттердің қатарында мәдениетімізді шетелде ілгерілету және насихаттау, киноиндустрияны, анимацияны, музей ісін дамыту сияқты алға қойған мақсатымыз бар», — деп атап өтті министр.
Өз кезегінде Армен Гевондян мәдениет күндерін өткізуге қызығушылық танытты.
«Біз де сіз сияқты мәдениеттердің өзара сан алуандығына, атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық жобаларды ұйымдастыруға мүдделіміз. Кейбірі жүзеге асырылды. Мысалы, XX ғасырдың ең көрнекті композиторларының бірі, дүние жүзіндегі миллиондаған тыңдарманның құрметіне ие болған Арам Хачатурянның 120 жылдығына арналған бұрыш ашылды», — деді Елші.
Елші алдағы уақытта армян мәдениетінің бұрышын ашуға септігін тигізуді сұрады.
Кездесу соңында Аида Балаева Қазақстан мен Армения арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.
JQ-Aqparat

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі