jasqazaq.kz

Ынтымақ елді мекені инфрақұрылыммен толық қамтылды

17 мамыр 2023, 12:42

Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағынауданында бүгінде 9 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 2 600 жеке секторлы үй, 1 мектеп, 4 балабақша және 1 спорт алаңшасы орналасқан. Ынтымақтар ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен 100 пайыз қамтылған.

Қазіргі таңда елді мекенде жол мәселесін шешу жұмыстары қолға алынған. Ондағы 67 көшенің қазір 39-ы асфальтталған, 24-і тас жол болса, төртеуі топырақ жол. Сала жауапты мамандар 2025 жылға қарай шағынаудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жетеді, дейді. Биыл Ақжұлдыз, Жібек жолы, Бозжусан, Жаңақұрылыс көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, көрсеткіш 79 пайызды қамтиды.

Ал 2024 жылы 10 көше, атап айтқанда Қорғанкөл, Белсаз, Берен, Шауғар, Көкжал, Шұбартау, Қыз Жібек, Шохбутова, Тайбурыл, Темірші көшелері асфальтталады деп күтілуде. 2025 жылы 6 көше — Қозыкөрпеш көшесінің біріншіден алтыншы өткеліне дейінгі аймақтары жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға жетеді.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомабил жолдары басқармасының мәліметінше, қазір қалада 1886 аялдама орны бар. 2020 жылдан бері жаңа типтегі аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда, жаңа аялдама павильондарының үлесі 35,5 пайызды құрайды. Биыл 250 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнатылады. Қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарына күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

Сонымен қатар биылғы жылы Кәдесый, Шерғала, Қорғанкөл, Ұшан, Жаңатілек көшелерімен бірге №54 мектепке баратын жол жарықтандырылады. Келесі жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан талшықты интернет оптикамен қамтамасыз етіледі.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде