jasqazaq.kz

Ұлытауда мекеме басшысы қамкөңіл қарттардың ақшасын жымқырған (Видео)

15 сәуiр 2023, 0:23

Ұлытау облысында әлеуметтік мекемеде тұратындардың зейнетақы мен жәрдемақысын жымқырған мекеме басшысы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, ол ұжымдағы қызметкерлермен бірлесіп, зейнеткерлер мен мүгектерге тиесілі 12 миллион теңгені қолды қылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оңай олжа көздеген топ мүшелері сұраушысы мен іздеушісі жоқтармен жең түре айналысқан. Жарымжандар мен әлі кеткен қариялардың банк қарталарын өздері ұстаған. Сол арқылы ай сайын мемлекеттен түсетін қаржыны қалтаға басып отырыпты. Күдіктілердің үйін тінту кезінде жәрдемақы мен зейнтақы төлемдерінен түскен 800 мың теңге тәркіленді. Оны растайтын төлем түбіртектері мен банк карталары да табылған. Тергеу барысында күдіктілер тарапынан тергеуге барынша кедергі жасалған. Сондықтан құзырлы орган өкілдері топқа жекетшілік еткен әлеуметтік мекеме басшысын қамауға алуды сұрапты.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

— Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот екі айға қамауға алу туралы бұлтарпау шарасы санкциясын берді. Қазір 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі аляқтық бойыынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура