jasqazaq.kz

Ұлытау облысында прокуратура 3,7 теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

27 мамыр 2024, 10:29

Ұлытау облысының прокуратурасы жылдың басынан бері жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурс жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген. Жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген.

Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).

Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісімшартқа отыруды жоспарлаған. Аллайа мұндай жұмыстар мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар тізіміне кірмейді.

Тағы бір жағдайда, Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан.

Прокурорлардың наразылығымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі