jasqazaq.kz

Ұлытау облысында «өлі жандарға» жалақы төлеген

01 желтоқсан 2023, 11:26

Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасын Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Осы медициналық мекеменің бухгалтерлері Б. және T. 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») заңсыз 5,1 млн теңге аударған.
Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген.
Бұл факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізген.
«Қаражал қалалық сотының үкімімен (заңды күшіне енді) Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды – 2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге).

Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр», — делінген Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінде.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі