jasqazaq.kz

Ұлын өлтірген әке сотта соңғы сөзін айтты

01 тамыз 2023, 15:48

Өзінің 4 жасар баласы Данил Ахуновты өлтірді деп айыпталып жатқан Артур Ахунов сотта соңғы сөзін айтты. Ол сот сараптамаларымен келіспейтінін, өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді.Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Артур Ахунов соңғы сөзін айтты. Ол өзін кінәлі деп санамайды. Тіпті, балаларды жақсы көргенін алға тартып, көзіне жас алды.

«Отбасындағы өміріміз жақсы болмады. Себебі, әйелім ескірткі пайдалана бастады. Ол бірнеше рет ескірткіден бас тартатынын айтты. Бірақ, оны үнемі есі кіресілі-шығасылы күйінде таптым. Сөйтіп балалар назардан тыс қалды. Мен ұнатып, жақсы көрген адам өте қатты өзгерді. Соңында оның өзіне және балаларға деген бейқамдығы менің төзімімді тауысты. «Егер ескірткіге ақша бермесең, балаларды көре алмайсың» деп қоқанлоққы да жасады. Балаларды алып, күйеуіне кететінін айтты. Біздің арамыздағы қатынас – азаматтық неке болды. Екеуміз екі тарапқа кеткен соң Юлия ата-ана құқығынан айырылды. Кейін «Үміт» сәбилер үйінен хабарласып, балалар тағдырына алаңдасам кездесуге келуімді сұрады. Асырап алуға, соның ішінде ДНҚ сынамасына қажетті құжаттың тізімін қолыма ұстатты. Қажетті құжаттарды жинауға бір жыл уақыт кетті. Осы уақыт аралығында мен балаларға барып, үнемі азық-түлік пен ойыншық, қажеттіліктерін апарып тұрдым. Оларды қуанттым, жалғыз қалдырмадым. Ресми әкесі деп таныған соң балаларды алып кеттім. Пәтерде жазатайым оқиға болып, Данил көз жұмды. Бұл туралы мен сот отырысында айттым. Сол күнгі оқиға әлі күнге дейін көз алдымда. Мен жынданып кетемін бе деп те ойладым. Баламнан айырылғандағы жан күйзелісі әлі де бар, сенгім келмейді. Бәлкім сондықтан да шығар, мен полицияға хабарласып, жоғалып кеткені туралы хабарладым. Өмірдің мәні кетті. Тергеу басталды. Ол кезде өрескел заңбұзушылық жіберілді. Сот-медициналық сараптама дұрыс жасалмады. Полиграфиялық сараптамамен де келіспеймін. Психологиялық сараптама қорытындысы да тергеуге қолайлы шығарылды. Алдады, маған және анама моральдық тұрғыда қысым көрсетті. Анамның видеосын көрсетіп, «өзің мойындамасаң, анаңды отырғызамыз» деп айтты. Сөйтіп мені мәжбүрледі. Бұған дейін заңсыздықтарды айтып, прокуратураға арыз жаздым. Бірақ ештеңе болмады. Сот, осы заңсыздықтарға назар аударуыңызды сұраймын. Балам Данилдың өліміне кінәлі деп танымауыңызды сұраймын. Мен бар баламды жақсы көремін. Маған мүмкіндік беріп, жағдайды өзгертуге болады деп ойлаймын. Екі балам бар. Анам инсульт алған. Бар өмірімді анама, балаларға арнағым келеді. Менің сөзімді естисіз деп ойлаймын», — деді Артур Ахунов.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста