jasqazaq.kz

«Ұлымды пайдаланып, атағын шығарды». Серік Шәріптің анасы өз пікірін жариялады

08 сәуiр 2025, 13:00

Өткенде Әлия Бөтееваны ұрғаны үшін бес тәулікке қамалған актер Серік Шәріптің анасы Гүлнар Мұратқызы әлеуметтік желіде өз пікірін жариялады.

Актердің анасы осы жағдайды қыздың өзі ұйымдастырды деп отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Ол өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады. Менің ұлым онымен арақатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен және қалай кірді? Ол сол күні арам пиғылын іска асырып лифтідегі видеожазбаны ол үйде тұрмаса да заңсыз қолына алды», — дейді Шәріп Серіктің анасы.
Оның айтуынша, бұл оқиға екі ай бұрын болған.

«Бетіне шапалақ тисе, неге сол күні 8 ақпан күні полиция шақырмады, экспертиза жасатпады, арызданбады. Неге 2 ай өткеннен кейін яғни 4 сәуір күні полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөлімінде қасындағылар «осылай айт» деп балама видео жазуға мәжбүрледі?» — дейді.

Сондай-ақ ол Бөтееваның ұлын пайдаланып, шетелге шығып, киім-кешек алғанын, дәл соның арқасында танымал болғанын айтты:

«Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып, әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа «жалған айтып» жала жауып ұлымды қаралады. Бәрі де ұмытылады. Бірақ бір Аллам ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды. Біреуге ор қазба, өзің сол орға түсерсің деген».

JQ-Aqparat

Фото: әлеуметтік желіден

15 сәуiр, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников