jasqazaq.kz

Ұлықпан Жолдасов: Келін алғалы шорти, майкамен жүруден қалдық

31 мамыр 2023, 13:34

Сазгер Ұлықпан Жолдасов келін алғалы отбасында көп жағдайдың өзгергенін айтты. Жұбайы Айған Жолдасова отбасына өнерлі келімен толығып, қол-аяғы ұзарғанын жасырмады.
«Достарымыздың тәрбиелі келіндерін, қыздарын көрген кезде армандап жүретінмін. Қазір арманым орындалған сияқты. Қолым ұзарып, келін жұмсап көңілімде тыныштық орнады. Кешке келін және Фариданы серуенге алып шығып жүрген жайым бар. Келінім өнерлі адам, музыкант, альтист. Түркістанның тумасы, бірақ 1994 жылдан бастап Алматы, Астана қалаларында тұрады. Өзі Астана операсында жұмыс істейді. Классикалық музыка жазады. Болашақта докторантураға түссем деген арманы бар», — деді.
Айғанның айтуынша, атасы мен келінінің ортақ әңгіме көп.

«Музыка жағынан екеуінің әңгімелері ортақ. Сондықтан шай ішер кезде мен кетіп қаламын. Өздері шай ішіп, әңгімелерін айтып отырады. Үйге өзіміздің адамымыз келді деп ойлаймын», — дейді.

Ұлықпан Жолдасов келін түскелі отбасында көп дүние өзгергенін айтады.

«Айған келін алсам, ас бөлмеге кірмеймін дейтін. Соған бейімделіп жатыр. Бұған дейін басқа қалаға кетіп қалсақ, үй не болып жатыр екен деп ойлайтынбыз. Көп жағдайда Болат үйде қалып қоятын. Бұрын «Болат не істеп жатыр екен?» деп ойламаймыз. Қазір ондай уайым жоқ. Себебі үйде қарайтын адам бар. Үйдегі атмосфера өзгерді. Шортымен, майкамен жүру қалды. Шалбармен, футболкамен жүреміз. Әңгімеміз өзгерді, шартпа-шұрт мінезді қойдық», – дейді өнер иесі қалжыңдап.

JQ-Aqparat

Фото: khabar.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі