jasqazaq.kz

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметкер қатысты

07 мамыр 2025, 12:54

Жеңістің 80 жылдығына арналған парад майдангерлердің ерлігіне тағзым етуді, Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш-айбынын көрсетуді көздейді.

Бүгінгі парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінді.

Алғаш рет механикаландырылған колонналардың сапын «Бук», «Тор» зенитті-ракета кешендері, «Барыс», «Алан», «Айбар», «Таймас», «Террекс» дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырды.

 

Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары таныстырылды.

Әуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтті.

JQ-Aqparat

Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі