jasqazaq.kz

25 сәуірде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

21 сәуiр 2025, 22:52

ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жеңістің 80 жылдығын атап өту жөніндегі «Ұлы –Жеңіс: Ерлікке тағзым-жастарға үлгі» республикалық іс-шаралар жоспары аясында 2025 жылғы 25 сәуірде «ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС: ТАРИХИ САБАҚ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ҰСТАНЫМ» тақырыбында респубикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өтеді.

Конференцияның мақсаты – Ұлы Жеңісті ғылыми тұрғыдан жан-жақты пайымдау, соғыс жайындағы тарихи білімді насихаттаудың жаңа жолдары мен тәсілдерін іздестіру, оларды өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қолдану.

Пленарлық отырыста Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда, соның ішінде:

  1. Жаңа ұрпақтар санасындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи жады эволюциясының мәселелері.
  2. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша жаңа зерттеулер мен жобалар.
  3. Ұлы Жеңістің тарихи жадын сақтау жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде.

Конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, танымал тарихшылар мен әскери ғалымдар, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының, ҚР ҰҚК Шекара әскерлерінің басшылығы, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысады.

Өтетін орны: Астана қ., Сәтбаева к. 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (бас) корпусының 208 аудиториясы.

Уақыты: 25 сәуір 2025 жыл,басталуы сағ: 10.00-де.

Байланыс тел.: + 7 — 702 — 777- 14-49

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі