jasqazaq.kz

«Ұлы дала батырлары» кітабының тұсауы кесілді

05 мамыр 2023, 10:51

Ішкі істер министрлігінің мұражайында «Ұлы дала батырлары» деп аталатын жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Рухани қазына, құнды кітап екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен майдангерлер мен бүгінгі бейбіт заманның батырларына арналған. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Анықтамалық-энциклопедиялық жинақ «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қазақстандық ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, сонымен қатар ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолдауымен жарыққа шықты. Шараға әйгілі ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров пен бұрынғы ішкі істер министрі, Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов қатысты. «Бұл – келесі ұрпаққа зор өнеге. Осындай ерліктің арқасында, осындай азаматтардың арқасында егемендікті алып, бүгін үлкен бір жарқын мемлекет болып, дамып жатырмыз. Мен өз атымнан, сондай-ақ әріптестерімнің атынан соғыс ардагерлеріне, Халық қаһармандарына тағзым етіп, осыны бастаған үлкен ұжымға алғысымды білдіргім келеді», — деді министр Марат Ахметжанов. «Біздің ұлы дала батырларын ұмытпай, еске алып, тарихты жинап, кітап шығарғандарыңызға рақмет!» — деді Тоқтар Әубәкіров. «Мұндай кітаптар бірінші кезекте біз үшін емес, жастарымыз үшін, жеке құрам үшін және жалпы мемлекетіміздің жас буынына арналатынын» айтты Халық қаһарманы, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі