jasqazaq.kz

Ұлттық жоба: 5G – қауіпсіз, жылдам әрі сапалы интернет

19 мамыр 2023, 10:50

Қазір елімізде «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында ірі қалаларда 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен халық арасындағы 5G-дің вирус таратады, радиациясы жоғары деген қауесеттердің әсерінен кедергілер көп кездеседі екен. Сондықтан бүгін «Север» сауда үйі маңында Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, Kcell мобильді оператор және ұлттық зертхана мамандары БАҚ өкілдері мен халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Бүгінде тұрғындар тарапынан интернет сапасына шағымдары өте көп. Оның шешімі базалық станцияларды көбейту және бар стнацияларды модернизациялау. Барлық станция тұрғын үйлердің шатырына орналасатындықтан тұрғындардың көпшілігі қарсы болады. Бұл жұмыстың жүруіне көп кедергі келтіреді. Басты мақсатымыз халыққа зиянды емес екенін түсіндіру, радиофобияның алдын алу. Қалада 10 жерде 5G базалық станциясы орнатылған. Соның бірі осы «Север» сауда үйінде. Мамандар тексеріс барысында толқындардың зиян еместігін, нормаға сәйкестігін дәлелдеп көрсетті. Жалпы барлық базалық станция орнату үшін тиісті құзыретті орындардың рұқсаты мен тиісті санитарлық паспорты беріледі. Тұрғын үйдің үстіне ұялы байланыс антеннасы міндетті санитарлық аумақ талаптарына сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға алаңдаудың реті жоқ. Қаланың цифрландыру жұмысына 5G серпіліс беретіні сөзсіз. Ол деген жылдам және сапалы интернет, – дейді Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы басшысы Мұхит Кемелов.

5G мобильді желілерін енгізу – әлемдік тренд. Бұл өз кезегінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Жоғары жылдамдықпен алыстағы ауыл-аймақтар мен қала сыртындағы елді мекендерді қамтамасыз етеді. Интернет жоғары жылдамдықта болса, көптеген саланың дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі