jasqazaq.kz

Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады

03 шiлде 2025, 12:16

Елімізде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ қаржы жылының соңында пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару механизмі бекітілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Gosaydit. kz Телеграм-каналы жазғандай, Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері қажетті шараларды қабылдады. Соның нәтижесінде Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді.
Бұл қадам мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық компаниялардың шоттарында «қажетсіз бос жатудың» орнына қаржы бюджетке қайтарылады. Ол қаражат анағұрлым маңызды және шұғыл міндеттерге, мысалы, ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталуы мүмкін.

Мұндай тәсіл бюджет қаражатын мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалану тәуекелін азайтуға, ашықтық пен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары бөлінген ресурстарды жоспарлау мен жұмсауға жауаптылықпен қарайтын болады, себебі пайдаланылмаған қалдық енді жыл соңында міндетті түрде қайтарылуы тиіс.

JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы