jasqazaq.kz

Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы өтті

27 қантар 2024, 17:12

Бүгін Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары өтті.
Шара басталар алдында Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құрылтай жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Президенттің қаңтар айында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылғанын атап өтті. Сондай-ақ осы консультативтік-кеңесші органның қызметі аясында Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың жүзеге асырылу барысына қысқаша тоқталды.
Мемлекеттік кеңесші Президенттің Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандарды қалпына келтіруге және құруға, өңірлік рәміздерді реттеуге, сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Ұлттық» мәртебе беруге, «Балалар кітапханасы» жобасына қатысты бастамалары жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті.
Ерлан Қарин заң мен тәртіп қағидаттарын бекіту және ілгерілету жұмыстарының қоғамдық маңызы зор екеніне назар аударды. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту  туралы заң жобасын әзірлеу, Парламент Мәжілісінің вейптерді елімізге әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдауы осы бағыттағы ауқымды жұмыстардың аясына кіреді.


Секциялардың жұмысы барысында мемлекеттік органдар Ұлттық құрылтай мүшелерінің бұған дейін айтқан ұсыныстарына орай пікір білдірді. Сондай-ақ қоғамның бірлігін нығайтуға, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жаңа ұсыныстар талқыланды.


Ұлттық құрылтай хатшылығы жиын барысында көтерілген бастамаларды жинақтап,  мұқият зерделейді.
Қазіргі таңда көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
JQ-Aqparat 

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды