jasqazaq.kz

Ұлттық құндылық: Арал қаласында «Руханият орталығы» ашылды

30 маусым 2025, 12:55

Қазіргі жаһандану заманында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеуге баса мән беру қажеттілігі туындап отыр. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас өскіннің ұлттық құндылықтардан ажырап қалмауына айрықша маңыз беріледі. Бұл бағытта қазақтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда облысында түрлі жобалар қолға алынып, ойдағыдай атқарылып жатыр. Осыған дейін симфониялық оркестр, инклюзивті және жастар театрлары, заманауи би, хор ұжымдары құрылып, «Жыраулар үйі» ашылған болатын.

Енді Арал қаласында «Руханият орталығы» жұмысын бастайды. Күні кеше оы орталықтың ашылу рәсімі өтіп, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және зиялы қауым өкілдері арнайы келіп қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты рәсімге жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Облыс басшысы: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр» деген болатын. Өткен 2024 жыл өңірімізде «Руханият жылы» деп жарияланып, мәдени-көпшілік шаралармен бірге көптеген ауқымды жобаларды жүзеге асырдық.

Облыс орталығында «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Өнер» орталығы» салынып, ел игілігіне берілді.

Осындай байыпты бастамалардың жалғасы ретінде биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды.
Бүгін өздеріңізбен бірге Арал ауданындағы «Руханият орталығын» ел игілігіне табыстаймыз.

Орталықта ақ жаулықты аналарымыз, ардақты ардагерлеріміз бен жігерлі жастарымыз бір жерде бас қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Баршаңызды «Руханият орталығының» салтанатты ашылуымен тағы да құттықтаймын!» — деді,
Жиында Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы Нажмадин Мұсабаев батасын берді.

Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен құрылысты салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Айта кеткен жөн, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, Қызылордада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының қолдауымен жаңа «Достық үйі» салынуда. Бұл нысан қараша айында пайдалануға беріледі.

Айжан Жұмабекқызы,
Қызылорда облысы
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста