jasqazaq.kz

Ұлттық қорды үнемдеуге көштік

20 маусым 2023, 16:19

Ұлттық банкпен бірлесе отырып, Ұлттық қордың инвестициялық кірісін көтеруге қатысты шара қабылданып жатыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарастыру кезінде Премьер-Министрдің орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке берілетін трансферттер қаражатын біртіндеп азайту жалғасады. Ұлттық банкпен бірлесіп, қордың инвестициялық кірісін арттыруға бойынша шара қабылданып жатыр. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық қордың қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», — деді Е. Жамаубаев.
Ұлттық жобалар туралы: «Қолданыстағы 10 ұлттық жобаның іс-шараларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне және өзге де құжаттарға интеграциялау бойынша жұмыс аяқталып келеді. Нақты салаларды дамытуға бағытталған 2029 жылға дейінгі 15 тұжырымдама бекітілді. Олар Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспарымен үйлестірілген. Сондай-ақ, жаңа форматтағы «Жайлы мектеп», «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары бекітілді. Сондай-ақ «Қолжетімді интернет» жобасы әзірленді. Осылайша нақты проблемаларды шешуге бағытталған қысқа əрі нұсқа құжаттар форматына көшу жүзеге асырылып жатыр», — деді Е.Жамаубаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі