jasqazaq.kz

Ұлттық ғылым академиясының басшысын Президент тағайындайды

30 наурыз 2023, 23:25

 

Мемлекет басшысы «ҚР Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл ұйым Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгерді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін жоғарылату мақсатында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» ҚР Конституциялық заңының 10 және 33-баптарына сәйкес қаулы етемін:

«ҚР Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы етіп қайта өзгертсін. Ұлттық ғылым академиясының президентін ҚР Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде