jasqazaq.kz

Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсінік берді

15 мамыр 2025, 14:04

Қазақстан Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің директоры Асхат Бралов Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ең алдымен ол Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. «Науқас Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде емделуде», – деді.

Сондай-ақ ол сырқаттың жағдайы туралы мәлеметтің жария етілмейтінін ескертті:

«ҚР Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 273-бабына сәйкес, диагноз бен денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер медициналық құпия саналатын мәліметке жатады. Ақпаратты құпия сақтау туралы шешім пациенттің жеке өміріне қол сұғылмаушылыққа заңды құқықтарын қамтамасыз ету, оның жеке өмірін құрметтеу және емдеу процесіне ықтимал араласудан қорғау мақсатында емделушінің мүддесі үшін қабылданды».
Кеше кешке қарай базбір ақпарат құралдары мен Телеграм-каналдар «Сара Назарбаева қайтыс болды» деген ақпарат жариялап жіберген болатын. Көп ұзамай Айдос Үкібай бұл қауесетті жоққа шығарды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі