jasqazaq.kz

Ұлттық ерекшелігіміз ескерілсін

22 қантар 2021, 11:22

Неге заңды толықтырамыз деген кезде ғана бұл дау шығып отыр? Бұл жерде Еуропа елдерінен көшіріп алған заң жобалары бар. Оны жоққа шығармаймыз. Мойындауымыз керек, еуропалықтардың менталитеті бізге келмейді. Біз өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге қарай заңды жіті қарап, май шаммен қарауымыз қажет. Бірақ оған біздің өзіміздің қазақтілді заңгерлер мүлде қатыспайды.

Заңды талқылауға, қабылдауға келгенде, қазақтілді заңгерлер белсенді емеспіз. Сол себепті заң шығарушы орган – Парламент пен кейбір заңгерлер ауылды жерлердегі бала құқығы қалай қорғалып жатыр дегенге мән берсе деймін. Заң баптарының бәрін оқып, оның бәрін талдап шығу қиын. Бір баптың өзінде бірнеше тармақ бар. Онымен арнайы айналысатын заңгер болмаса, мұны қарапайым тілмен түсіндіру көп күш-жігерді талап етеді.

Мәжіліс депутаттарының басқа емес, дәл осы заңды талқыға салмай бәрі бірауыздан өткізе салуы түсініксіз жағдай болып тұр. Халық заңды кімнен талап етуді білуі керек. Халық заңға қатысты не сұраса да, депутаттардан сұрауы қажет. Өздері шығарған, қабылдаған заңды түсіндіріп беруін талап етсін! Әркім өз ісіне өзі жауап беруі керек қой.

Айгүл Орынбек,

қоғам белсендісі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі