jasqazaq.kz

Ұлттық банк неге тасада қалды?

22 қантар 2021, 10:44

Мәдениет және спорт министрлігінің қаржылық белсенді қызметіне қалай жауап беру керектігін Ұлттық банк әлі шешкен жоқ.

«Караван» басылымы желтоқсан айында Ұлттық банкке бірнеше сауал жолдады. Ол мынадай сарында еді: басты қаржылық реттеушінің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан спорт әуесқойларының букмекерлік кеңселерге тіккен қаржысы өтетін Бәс тігуді есептеу орталығын (ЦУС) құруына көзқарасы қандай? Апта ішінде редакцияға жауап келді. Шындығын айтқанда, біршама таң қалдырды. Дегенмен жауаптың мазмұнына үңіле отырып, олардың бізге не айтқысы келетінін шамалап түсінгендей болдық.

Ұлттық банк бес сұрақтың үшеуіне жауап беруден бас тартыпты. Бұл сұрақтар олардың құзырына кірмейді-мыс. Ал қалған екеуіне сылап-сипап қана жауап берген.

Біз Ұлттық банкке «Букмекерлік кеңселерге ақша аударушылар жайында ақпарат жинайтын жаңа орган қажет пе? Ұлттық банк мұның бәрін төлем ұйымдарынан онсыз да алып отырған жоқ па?» деген сауал тастадық.

2020 жылдың жазында Мәдениет және спорт министрлігі «Ойын бизнесі туралы» заңға өзгертулер енгізді және Бәс тігуді есептеу орталығын құру (ЦУС) құқығына ие болды. Бір сөзбен айтқанда, құмар ойындарына тігілген барлық ақша мен төлемдер өтетін ұйым. Ұсынылған идея тәп-тәуір: букмекерлер – кедей азаматтардың зиянды құмарлықтарын пайдаланатын жыртқыштар. Бұл бизнесті бақылауға алу керек. Құмарпаздарды анықтап, олардың отбасыларын ойран болудан сақтау қажет. Бұл тұрғыда букмекерлік кеңселерді бақылауда ұстау маңызды.
Бірақ Мәдениет және спорт министрлігінің көздеген мақсаты мүлде басқа екені білініп қалды. Ол – ақша. Қазақстанда спорттық сайыстарға тігілетін бәс ақша нарығы 600 миллиард теңгені құрайды. Бәс тігуді есептеу орталығы (ЦУС) әр төлем үшін бақандай 4 пайыздан үлес алмақшы. Кіріс мөлшері – 24 миллиард теңге.

Сауалымызға берілген жауаптың тігісі жатқызылған: «Ұлттық банкке келіп түскен ақпарат төлем қызметтері нарығын талдау үшін қолданылады. Ақпарат ақша жіберуші, төлем және аударым мөлшері мен уақыты туралы мәліметтерді нақтылау мазмұнында емес, жиынтық сипатта болады».

Мәдениет министрлігі Бәс тігуді есептеу орталығының (ЦУС) операторын жылдам таңдады. Ол әлдебір «Exirius» ЖШС. Аталмыш серіктестік алдыңғы құрылтайшылардан заң Парламенттен өткен күндері, яғни 2020 жылдың жазында сатып алынған. Бұл ЖШС қыркүйек айында-ақ шарттарын ешкім көрмеген шартты тендердің жеңімпазы атанып үлгерді.

«Exirius» ЖШС-ны технологиядан хабары жоқ, тәжірибесіз адамдар басқарады. Неліктен біз мұндай ойға келдік дейсіз ғой? Олар қабылдаған шешімдерге қарап. Бәс тігуді есептеу орталығының (ЦУС) тұсаукесерінде «Paybox.money» ЖШС директоры және «Exirius» ЖШС техникалық өкілі Алексей Назаров Бәс тігуді есептеу орталығының (ЦУС) электронды ақша жүйесі арқылы жұмыс істейтінін айтты. Әрине, тек соларға ғана қатысты болса, идея керемет. Бірақ Бәс тігуді есептеу орталығы (ЦУС) елдегі барлық төлем жүйелерінің ақшасын өзі басқарады. Бұл 60-тан астам компания. Қаржы жіберушілер мен алушылар саны көп болатын нарықта ең бастысы – технологиялық шеберлік пен қарапайымдылық. Электрондық ақша эмиссиясы – төлем жүйесін ұйымдастырудың ең қиын әдісі.

Сондықтан біз мына сауалды қойдық: – Бәс тігуді есептеу орталығының (ЦУС) операторы клиент төлемдерін букмекерлік кеңселерге электронды ақша арқылы аударуға қабілетті ме?
Жауап:

– «Exirius» ЖШС электронды ақшаны пайдалана отырып, жасалған төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша қызметтер көрсетуге құқылы төлем ұйымы ретінде тіркелген.
Ал «Exirius»-тің басқа лицензиясы жоқ, яғни компания өз ақшасын шығаруға мәжбүр болады. Әйтпесе, ол жұмыс істей алмайды.

Мұндай екіұшты жауаптар біздің көңілімізден шықпады. Сондықтан Ұлттық банк жауап бергісі келмеген сұрақтарға қайта оралуымыз керек. Сонымен біз нені білгіміз келді?

– Мәдениет және спорт министрлігі қалайша букмекерлік кеңселерді басқаратын мемлекеттік органға айналды? Неліктен бұл жұмыс лицензияланған қызметті қадағалайтын Қаржы министрлігіне өткізілмеді?

– Букмекерлік кеңселерді басқаратын орган қажет деп есептейсіз бе?

– Ашықтық үшін қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, клиенттердің букмекерлік кеңселерге жасаған төлемдерін жекелендіруге бола ма?

2020 жылы 10 желтоқсанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәс тігуді есептеу орталығының (ЦУС) жұмысын талқылауға арналған конференция өткізді. Ұлттық банк өкілінің айтуынша, оның басшылығы Бәс тігуді есептеу орталығы (ЦУС) туралы мәліметтерді ресми арналар арқылы емес, төлем ұйымдары арқылы алған. Сонымен қатар, Ұлттық банкты Бәс тігуді есептеу орталығы (ЦУС) операторының қызмет түрін қаншалықты жылдам өзгерткені таң қалдырыпты.

«Exirius» ЖШС-да тек бір лицензия бар. Ол электронды ақшаны пайдалану туралы ғана. Бірақ аталған ұйым қазірдің өзінде құмар ойыншылармен жұмыс істей бастады. Мәселен, салық туралы ақпарат жинау, ақша жымқырумен күресу және басқа төлем ұйымдарынан мәліметтер жинау жұмыстарын жүргізеді.

– Ұлттық банкке тәсілдер мен есептеу бойынша, «Paybox.money» ЖШС мен «Exirius» ЖШС-нің осы процеске қалай тартылғаны туралы ақпарат алу керек. Қызмет түрі өзгерген жағдайда, сіз бізге хабарлауға міндеттісіз, – деп еске салды ҚР Ұлттық банк өкілі. – Егер сіздің қызметіңіз төлем ұйымдарының қызметі ережелеріне сәйкес келмесе, Ұлттық банк шара қолданады.
Бұдан шығатын қорытынды, қанша дегенмен, Ұлттық банк өз қаржы нарығы мен оның жұмысын басқа біреулердің бақылағанын қаламайды. Мұнысы, әрине, құптарлық. Әйтсе де, елдің қаржы нарығының бір бөлігін бақылауға алуға ниетті Мәдениет және спорт министрлігіне кедергі келтіргісі келмейтінін қалай түсінуге болады?

Сонымен бірге Ұлттық экономика министрлігінің өкілі 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің ЦУС-қа ұқсас ұйым құру туралы бастама көтергенін еске түсірді. Министрлік сарапшылары «орталықтың» жұмыс істеу ережелері мен жобасын жасаған. Құжат тиісті органдарға мақұлдануға жіберіліп, тез арада қайтып келген көрінеді. Экономика министрлігінің сарапшылары аталған құжатты шикілігі үшін сынға алыпты.

Қарап отырсақ, кейбір нарыққа қатысушылардың алаңы растала түскендей. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігінің букмекерлік кеңсе қызметтерін қабылдағанын қалайтын әлдебір астыртын күштер бар. 600 миллиард теңге – қыруар ақша. Мәдениет және спорт министрлігі оны «қадағалауы» керек дегенге себеп болған нәрсе осы ма?

Бұл тұрғыдан алғанда, мемлекеттік жеке кәсіпорындар арасынан Мәдениет министрлігіне серіктес таңдау байқауының ашық өтпегені және келісім ашық байқаусыз тікелей келіссөздер арқылы және Бәс тігуді есептеу орталығын (ЦУС) ұйымдастырудың көз ілеспес жылдамдықпен жүзеге асқаны және бәс тігу бойынша әр төлем үшін 4 пайыздық жоғары комиссияның белгіленуі тегін емес.

Бәс тігуді есептеу орталығы (ЦУС) 2021 жылдың 4 қаңтарында жұмысын бастауы тиіс еді. Бірақ олай болмады. Мәдениет және спорт министрлігі Орталық қызметінің ережелерін Ұлттық банк пен «Атамекен» ҰКП арқылы өткізе алмады. Олардың қазіргі көзқарастарын ескере отырып, Мәдениет министрлігінің қызметіне біртіндеп қарсы тұратын шығар деп пайымдауға болады. Бәлкім, бір жерде қитұрқылыққа барар, енді бірде келісімге келуді соза түсер. Мұндай тәсіл бұлыңғыр жағдайда тиімді-ақ. Жаңа үкімет те осы мәселеге назар аударады деген үміт бар.

Әділ Орманов

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде