jasqazaq.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

29 қараша 2024, 10:25

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстанда жылдық инфляция қазан айында 8,5%-ға дейін өсті.Бұл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан орын алуда. Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсуде. Жоғары ішкі сұраныс жағдайында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтер бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауға байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталуда.

Базалық сценарийде Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін орташа есеппен бір баррель үшін 70 АҚШ долларына дейін төмендету жағына қарай қайта қаралды.

«2024 жылға болжанған инфляция 8-9%-ға дейін нақтыланды. 2025 жылға арналған болжам – 6,5-8,5%-ға дейін, 2026 жылға арналған болжам 5,5-7,5%-ға дейін өсу жағына қарай қайта қаралды. Инфляцияның орнықты бөлігі 2026 жылы 5%-ға жақын қалыптасады. Жалпы инфляция 2027 жылы нысанаға жақын қалыптасады деп күтіледі», — делінген хабарламада.

2024 жылға болжанған Қазақстан экономикасының өсуі 4-4,5% деңгейінде нақтыланды. 2025 және 2026 жылдарға арналған болжам тиісінше 4,5-5,5% және 4,6-5,6%-ға дейін қайта қаралды.

JQ-Aqparat

Сурет: mtrk.kz
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі