jasqazaq.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

29 тамыз 2024, 15:10

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар инфляция мен экономиканың өсуі бойынша болжам жаңартылды, деп хабарлады Ұлттық банк.

Шілде айында жылдық инфляция өсті, бірақ ол Ұлттық Банктің мамырдағы болжамы шегінде сақталды. Базалық инфляция және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция екінші ай қатарынан жеделдеді. Сыртқы инфляциялық жағдай қалыпты деп бағаланып отыр. Ал жаһандық инфляция бәсеңдеп келеді. Ішкі экономикада инфляциялық қысым күшеюде. Себебі тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласындағы реформалардың жалғасуы, ішкі ұсыныс мүмкіндіктерінен артық орнықты ішкі сұраныс және инфляциялық күтулердің жоғары деңгейі болып табылады. Мамырдағы болжамға қарағанда, күтілетін жоғары фискалдық импульс инфляцияның таргетке баяу оралуына әкеледі. Қазіргі таңда айырбастау бағамының жақында ғана әлсірегенін ескерілсе, ағымдағы ақша-кредит шарттары жұмсарғаны байқалады. Сонымен қатар ақша-кредит шарттарының жұмсаруы ақша нарығы мөлшерлемесінің динамикасымен де расталады. Мәселен, базалық мөлшерлеменің 14,25%-тік деңгейіде TONIA-ның орташа мәні 13,1% – 13,3% төмен қалыптасады. Жұмсарған ақша-кредит шарттары мөлшерлемені одан әрі төмендету үшін кеңістік ашпайды. Монетарлық шарттардың одан әрі шамадан тыс жұмсаруын болдырмай өтеу үшін базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтауды қажет етті, — делінген хабарлада.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 11 қазанда Астана уақытымен сағат 12:00-де
жарияланады.

JQ-Aqparat

Сурет: mtrk.kz

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі