jasqazaq.kz

«Үлгі болыңыздар!». Ұлттық комиссия мүшелері ата-аналарға үндеу жариялады

22 қантар 2025, 19:12

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріні ата-аналар қауымдастығына үндеу жариялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Үндеуде былай деп жазылған:

«Құрметті ата-аналар! 19 қаңтарда Астанада бізді бәрімізді терең қайғыға батырып, есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Онлайн ойындарға тәуелділік туралы ескерту жасаған кезде туындаған жанжал салдарынан жақын туысының қолынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Оқиға мән-жайы әлі анықталуда. Біз қайғылы жағдайға тап болған адамның туыстары мен жақындарына және осы трагедиядан зардап шеккен барлық адамдарға терең қайғырып, көңіл айтамыз. Бұл жағдай бізге балаларымыздың қызығушылықтарына және хоббилеріне қаншалықты назар аудару қажеттігін көрсетеді. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар өміріміздің бөлінбес бөлігіне айналды. Жастар, әсіресе жасөспірімдер, уақыттың көп бөлігін виртуалды әлемде өткізуде. «Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы балалардың 15%-ы күнделікті интернетте теріс контентке кезігуде. Видеоойындарға, әлеуметтік желілерге және онлайн қарым-қатынасқа тәуелділік артып келеді. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік оқшаулануға, отбасындағы түсінбеушілік пен жанжалдарға әкеледі». делінген үндеуде.
Ұлттық комиссия балалардың қызығушылықтары мен проблемаларына көбірек назар аударуға шақырады.
«Балаларыңыздың өміріне қатысу, олардың хоббилеріне шынайы қызығушылықпен қарап, ашық әңгімелер жүргізу – олардың үйлесімді дамуы мен мүмкін болатын трагедиялардың алдын алудың негізі. Сонымен қатар, біз ата-аналарға «ата-ана бақылауы» құралдарын пайдаланып, балалардың интернетте өткізетін уақыты мен тұтынатын контенті туралы ақпарат алуды ұсынамыз. Бұл балаларды артық гаджеттермен шұғылданудан, деструктивті ойындардан қорғауға және киберқатерлермен байланысты қауіптерді азайтуға көмектеседі. Киберқауіпсіздікке қамқорлық жасау – отбасының әл-ауқатының маңызды бөлігіне айналуда. Қазіргі уақыттағы жағдайлар ата-аналармен балаларының арасындағы қарым-қатынасқа аз уақыт қалдырады. Алайда ешқандай жұмыс балалардың өмірі мен денсаулығынан маңызды бола алмайды. Отбасында сенімді атмосфера құрып, балалардың қауіпсіздігін бақылап, ең бастысы – БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ҮЛГІ БОЛЫҢЫЗДАР! Бұл трагедия біз үшін тағы бір сабақ болар және өзіміздің басымдықтарымызды қайта қарауымызға себеп болады. Тек отбасы, мемлекет және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана біз балаларымыз үшін қауіпсіз әрі гүлденген болашақ құра аламыз. Балаларымыз бізбен бірге болсын!» — дейді комиссия мүшелері.
JQ-Aqparat

Сурет: baq.kz

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры