jasqazaq.kz

Үкімет тізгінін кім ұстайды?

06 ақпан 2024, 10:04

Кеше Үкімет отставкаға кеткеннен бері жаңалықты құр жібермейтін қауым Астананың сол жағалауына құлақ түріп отыр. «Пәленше болады екен» деген сәуегейлердің көптігі сонша, болашақ премьердің есімі жазылған тізім ұзарып барады.
Ол тізімнің ішінде дипломат та, вице-премьер де, Мәжіліс спикері де, тіпті екі-үш әкім де бар.
Дегенмен болжам жасап, бас қатырмайық. Өйткені жұрт күтпеген тұлға тағайындалуы мүмкін ғой.
Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің кандидатурасын басқарушы саяси ұйым — «Аманат» партиясы ұсынады. Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысы кандидатты мақұлдаса, Мәжілістің қарауына береді. Үміткерді депутаттар қолдаса, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Су жаңа Үкімет басшысы он күннің ішінде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысын Президентке ұсынуы тиіс.
Әділін айтқан жөн, бұрынғы премьер Әлихан Смайылов аса қиын кезеңде министрлер кабинетін басқарып, біраз шаруаны тындырды. Енді кім келсе де, бұрынғы Үкіметтің ісін жалғастырып, сабақтастық дәстүрі сақталады деп үміттенеміз.
Гүлнар Ахметова 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі