jasqazaq.kz

Үкімет бейітке арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салмақшы

16 сәуiр 2025, 11:17

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауабында марқұмды жерлеумен байланысты қызметтердің бағасын мемлекет реттей алмайтынын мәлім етті. 

inform.kz хабарлағандай, депутат сауалында адам бейітке арналған жерді заңсыз беретіндерге жаза тағайындау керектігі айтылған болатын.

— Үкімет бейітке арналған жер телімін заңсыз беріп сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтайды. Оның ішінде заңнамалық актілерге түзету енгізу мүмкіндіктері де қарастырылады, — деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Сондай-ақ, Премьер-министр әр марқұмға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін берілетіні айтылған.

— Жер кодексі 109-бабының 3-тармағы бойынша бейітке арнап жалпы қолданысқа алынған жер қорынан белгілі бір мекенде қайтыс болған тұрғынды немесе нақты тұратын орны жоқ марқұмды жерлеу үшін 6 шаршы метрден кем болмайтын телім тегін беріледі, — деп жазады Олжас Бектенов.

Жауапта діни жоралғылармен байланысты қызметтер әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің санатына кірмейтіндіктен оның бағасын мемлекет реттемейтіні айтылған.

— Бұл нарықта лицензиялау тетігі жоқ болғандықтан қызмет әкімшілері бейіт аумағында көрсетілетін қызметтердің бағасын өздері белгілейді, — делінген жауапта.

Бейітке арналған бос телімдерді анықтау үшін Жария кадастрлық картаның қызметіне жүгінуге болады.

— Жылжымайтын мүлікпен, жермен байланысты мәмлелерді жасау үшін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрынан (https://map.gov4c.kz/egkn/ — ред.) бос және иесі бар телімдерді онлайн режимде көруге болады, — деп жазылған Премьер-министрдің жауабында.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды