jasqazaq.kz

Үкімет бастапқа жарнаға қатысты жауап берді

22 маусым 2023, 11:15

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларынан бастап жарнаны алып тастау туралы сауалына жауап берді.

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға келсек, қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен соның салдарынан туындайтын тәуекелдерді сақтандыруға арналған. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтеді», — деп жазады Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын отбасылардың ипотека жүктемесін азайту үшін тұрғын үй сертификаттарын беретінін еске салды.

«Жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде бюджеттік кредит нысанында тұрғын үй сертификаттарын бөледі», — деп жазылған жауапта.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі