jasqazaq.kz

Үкімет басшысы: Тазалық — тазартылған жер емес, қоқыс тасталмаған жер

25 маусым 2025, 11:22

 Экологиялық мәдениет қазіргі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті.

— Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» қозғалысы экологиялық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ табиғатқа, туған жерге деген жанашырлық сезімді қалыптастыруға бағытталып отыр. Аталған бастаманы іске асыру аясында еліміздің аумақтары мен су айдындарын тазалау, ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды экологиялық акциялар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Оған жалынды жастармен қатар аға буын өкілдері де, бизнес пен қоғамдық ұйымдар да белсенді қатысып отыр, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде үлкен қозғалысқа, мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

— Еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге және табиғи байлығымызды сақтауға тұрғындар да барынша атсалысып келеді. Білім ошақтарында «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында балаларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бастамаға ата-аналар мен ұстаздар қауымы да қатысып жатыр. Мұндай экологиялық мәдениет қазіргі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Тазалық тазартылған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде. Бәріміз осы қарапайым ғана қағиданы үнемі жадымызда ұстағанымыз абзал, — дейді ол.

 Фото: Кентау қаласының әкімдігі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы