jasqazaq.kz

Үкімет басшысы өртті жылдам сөндіруді тапсырды

25 мамыр 2023, 10:04

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман алқабында тұтанған өртті өршітіп алмай жылдамдатып өшіруді тапсырды.
«Өткен отырыста ғана біз өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселесін қараған болатынбыз. Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толықтай бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғыс білдіреміз. Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет», — деді Үкімет басшысы. Ә.Смайылов өртті сөндіру ісіне облыстық әкімдік пен төтенше жағдайлар, экология министрліктері бірлесіп, жұмыла жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі