jasqazaq.kz

Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлді

10 қазан 2024, 10:07

Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. 

Құжат Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.

Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде ұзындығы 11,5 шақырым ең тозығы жеткен автожол учаскесін реконструкциялауға бағытталады.

Бұған дейін мердігер ұйым қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы, 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Айта кету керек, Ақтау қаласы жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста.

Қабылданған шаралар нәтижесінде желілердің тозу деңгейі төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Primeminister.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі