jasqazaq.kz

ҰҚҚ операциясы: ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (Видео)

23 қыркүйек 2024, 14:01


18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.

ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, операция нәтижесінде 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілінді. 20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 миллиард теңгеден аса мүлік тонаған.
Иерархиясы мен қатысушылардың рөлдері бөлінген топ қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.
Тінту кезінде банк карталары, ірі көлемде ақша, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және өзге де заттар табылған.

JQ-Aqparat
Бейнежазба: ҰҚК баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде