jasqazaq.kz

ҰҚК түрмеде отырғандардың теракт жасауына жол бермеді (Видео)

25 қараша 2024, 12:43

22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті.

Алдын ала мәлімет бойынша, фигуранттардың бірі қамауда отырып террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысқан. Лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.
Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды.
Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген.
Сондай-ақ Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олармен байланысы бар адам ұсталды.
Осы адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі