jasqazaq.kz

ҰҚК-нің 11 қызметкері қаңтар оқиғасына қатысты жауапқа тартылды

15 мамыр 2023, 13:08

Қаңтар оқиғасына қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлімдеді. Депутаттардың сауалына М.Қалқабаев: «Қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл (қаңтар оқиғасы бойынша) қылмыстық қудалауға байланысты», — деп жауап берді.

Қаңтар оқиғасынан кейін комитет құрамында тиісті тексеру жүргізілгенін айта келе: «Осы орайда бұйрық талаптары мен қызметті атқару тәртібіне, оның ішінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты елеулі өзгерістер енгізілді. Мұнымен қоса, бүгін талқыланып жатқан заң жобасында әр қызметкер іс-әрекетінің белгілі бір алгоритмі мен патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған тиісті түзетулер көзделген», — деді ҰҚК өкілі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі