jasqazaq.kz

ҰҚК: Миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ сотталды

08 желтоқсан 2022, 13:57

Кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген 20 айыпталушы сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған.

5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттады.

Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді», — делінген ресми хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде