jasqazaq.kz

ҰҚК халықаралық есірткі синдикатының әрекетін жойды (Видео)

31 наурыз 2023, 10:02

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.
Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланғаны туралы айта кету керек. 2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.
Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды.
Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды.
Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізіліп жатыр», деді ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

 

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде