jasqazaq.kz

ҰҚК ауқымды операция жүргізді: 8 қылмыстық топ құрықталды

19 ақпан 2024, 13:02

Биылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция нәтижесінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топтың жолы кесілді.

Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, алтауына қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адам ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелуде.
Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген.
49 тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрі, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды.

Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бір мезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазір тергеп-тексеру іс-шаралары жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі