jasqazaq.kz

ҰҚК: Асқазанына апиын салған екі тасымалдаушы ұсталды (Видео)

08 ақпан 2024, 12:17

Биылғы жылдың 24 қаңтарында Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметі жазғандай, рентгеноскопиялық зерттеу кезінде олардың ішкі құрылысында бөгде заттардың бар екені көрінді.


Арнайы медициналық тәсілдермен екеуінің асқазанынан апиын тобына жататын есірткісі салынған 295 контейнер шығарылды.
Олардың жалпы салмағы 2 килодан асты.

Сот шешімімен әлгі екі азаматты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі