jasqazaq.kz

ҰҚК: 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және 1603 оқ-дәрі тәркіленді

27 наурыз 2025, 10:29

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұруәрекеті бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).

Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде.

Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.

Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі