jasqazaq.kz

Үйленгің келе ме? Емтихан тапсырасың!

19 ақпан 2024, 15:00

Елімізде отбасын құрғандарды тізбелейтін соңғы статистика көңіл көншітпейді. Үйленуге жігіттер, тұрмысқа шығуға бойжеткендер асықпайтын көрінеді. Оның себебі көп, сылтауы да таусылмайды. Кейбіреулер кесе-көлденең тартатын материалдық жағдайға, баспанаға қарап қалған ештеңе жоқ. Басты себеп – жыл өткен сайын жастардың мойынға жауапкершілік алғысы келмейтіні.

Заманауи насихаттың әсері қыздарға тиіп жатыр: бала туып, үй шаруасымен айналысуға асықпайтын бикештер көбейді. Оның үстіне қазіргі күйіп тұрған тақырып: отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі қызды да, жігітті де тосылтады. Қыздарды былай қойғанда, жігіттердің өзі «текке арандап қаламыз ба» деп ат-тонын ала қашады. Енді, міне, соңғы кезде отбасын құрғысы келетіндер емтихан тапсырады деген сыбыс шығып, одан сайын шошытып тастады. Шынымен солай ма?

Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров жауап берді. Ол Мәжілісте қаралып жатқан заңда осыған ұқсас бөлік бар екенін жасырмады.

«Қазір Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Онда осындай бөлік бар, яғни отбасын құрмас бұрын кемінде бір ай жастарды оқыту жоспарланды. Әзірге қарастырылып жатыр», – дейді Қамбаров мырза.

Оның айтуынша, тәлімгер мен психологтар отбасын құрғысы келетіндермен жұмыс жүргізеді. Әйтсе де, бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Бір қарағанда, идея жақсы. Дұрыстап жүзеге асырса, әрине. Бюджеттен қаржы бөлдіріп, «мынанша семинар-тренинг өткіздік, оған осынша адам қатысты» деген құрғақ есепке құрылған көзбояушылыққа айналса, керегі жоқ.

Наргүл Мырзахмет

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства