jasqazaq.kz

Үйде қырғын болды: Сиви Махмуди іздеуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы ел білмейтін жайтты айтты

29 қазан 2024, 11:38

Танымал әнші Сиви Махмуди іздеуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы ел білмейтін жәйтті жайып салды.

Nur.kz жазғандай, Сиви Махмуди бұрынғы жолдасына қатысты жаңалықтардан кейін Анна Данченкоға сұхбат беріп, біраз тың деректің басын ашты.

«Біз онымен қыз бен жігіт болып жүреміз, маған сырға салынады, одан кейін той күнін белгілейміз. Тойға бірнеше күн қалған кезде сырға салу рәсіміне қатысқан алыс туыстарының бірі менің әкеме келіп, болашақ күйеу баласының бұрын үйленгенін айтады. Ол кісілер бұл жаңалықты менің және отбасымның білмейтінін біледі, көреалмаушылықтан әдейі істеді ме, әлде жаны ашыды ма, білмеймін. Мұны естіген әкем таң қалды, мені шақырып, үйде қырғын болды. Әкем менен «Сенің тұрмысқа шығайын деп отырған жігітің бұрын үйленген екен, білетін бе едің?» деп сұрады, ал мен хабарсызбын. Мен қалай сонша уақыт сезбегенмін деп таңғалдым. Ол да пысық», — деді әнші.

Сиви Махмудидың айтуынша, оның ажырасқанын дәлелдейтін АХАЖ қағаздарын алып келген, сол кезде оның бірінші некесінен бір қызы бар екені белгілі болған.

«Сөйтіп өзінен сұрағанда ол әкемнің алдына бар дәлелін жинап келіпті.  Содан әкем «той болмайды» деді. Сырға салынып қойған, бұл туралы барлық туысқан біледі. Мені Алла осы күйеуіммен сынаған секілді, өйткені біздің қарым-қатынасымыздың өзі кино болып басталды. Ата-анамның алдында ұятқа қалғандықтан, мен әкемнің шешімімен келісіп, «осымен бәрі бітті» деп жүремін. Әкем де, мен де оған жолама деп ескерттік, бірақ ол соңына дейін артымнан қалған жоқ. Күнде үйдің алдына келіп алатын, қонатын, маған қоңырау шалып, терезеден қарауымды сұрап, жалынатын. Мен қарап тұрған кезде дәрі ішіп, түрлі концерт қоятын еді. Осылай жүріп үйленгеннен кейін ол бірден босаңсып кетті. Мені сыртымнан құлыптап кетеді де, өзі таңға дейін қыдыратын», — деді С.Махмуди.

Сурет: instagram.com/sivi_makhmudi
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі