jasqazaq.kz

Үй жануарларын чиптеу қаңғыбас ит пен мысықты көбейтті

21 қараша 2024, 14:34

Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин қаңғыбас үй жануарларының көбеюіне қатысты пікір білдірді.

«2023 жылдың 1 қыркүйегінен үй жануарларын чиптеу керек болды, яғни иелерінің жауапкершілік жүктеу үшін, соңында не болды? Статистика бойынша 28 мыңға жуық итті тіркеген, бір жылдан кейін олардың саны 4 мыңға дейін қысқарды, ал қазір 900-ге жуық. Демек иелері үй жануарларын көшеге лақтыра салады деген сөз», — деді Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында.

Депутаттың айтуынша, елімізде қаңғыбас иттердің саны артып келеді.

«Біз иелерінен жауапкершілікті талап ете бастағанда, олар иттер мен мысықтарды сыртқа лақтыра бастады, ал олардың саны артып келеді. Сондықтан мұнда кемшін тұстар бар. Біз жауапкершілікті күшейтеміз және арттырамыз деп отырмыз, ал иелері оларды лақтырады, мұны статистика көрсетіп отыр. Сондықтан үй жануарларын чиптеу арқылы біз жауапкершілік мәселесін шеше алмаймыз», — деп толықтырды депутат.

JQ-Aqparat

Фото: pixabay

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі