jasqazaq.kz

Үй кезегінде қанша жетім бала тұр?

18 мамыр 2023, 14:09

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде қанша жетім бала тұр? Осы сауалды Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына мәжіліс депутаттары жолдаған болатын. Үкімет басшысының депутаттар сауалына қайтарған жауабында елімізде 62 мыңнан астам жетім бала үй кезегінде тұрғаны айтылды.

«Соңғы 10 жылда 8 458 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспана алды. 2022 жылы 673 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспаналы болды. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша баспана алу кезегінде 62 501 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұр. Мұнан бөлек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік есепшот ашылған. Ол балалардың асыраушысынан айрылуына, мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар, алимент есебінен, сонымен қатар әлеуеттік серіктестердің, бизнес құрылымдардың қаражат аударуы арқылы толықтырылып отыратыны» жазылған жауапта. Мәжіліс депутаттарының жолдаған сауалына берілген жауапта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар аталған санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Онда бюджеттен тыс және демеушілік қаражат есебінен балаларды пәтермен қамтамасыз ету іс-шаралары көзделгені де жазылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі