
Оқиға Орал қаласында 5 қазан күні болды. 17 жастағы қыз облыстық ауруханаға талған күйі жеткізілген. “Облыстық емханаға кәмілеттік жасқа толмаған қыз бала жеткізілді.
Денсаулығы қалыпты. Болжам бойынша, телефоны жарылған. Күйіктер мен өзге жарақаттары жоқ. Қыз тек қорқып қалса керек”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жатақхана жетекшілігі аздап тоқ соққанын, телефонның жұмыс істеп тұрғанын айтқан. Алайда кейіннен колледж басшылығы мұндай ақпаратты теріске шығарып, қыздың жүрегі ауыратынын, соның салдарынан талып қалғанын айтқан. Олардың айтуынша, тоқ нүктелері жатақхана бөлмесінде емес, тұрмыстық бөлмеде ғана бар көрінеді.