jasqazaq.kz

WhatsApp жаңа функцияларды іске қосады

21 ақпан 2017, 18:02

Сегіз жылдық мерейтойлары қарсаңында WhatsApp танымал мессенджерінің шығарушылары қолданушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынды.

caravan.kz хабарлағандай, WhatsApp мессенджер өздігінен жойылатын хабарламаларды жариялау функциясын іске қосады — бұл Instagram мен Snapchat сервисіндегі «тарих» функциясына балама. Жаңа функция контакт есімінің жанындағы мәтіндік статусты ерекше «жазбалармен» алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл жазбалармен бірге суреттер, бейнелер мен GIF-анимацияларды жариялауға болады. Жазба Status қосымша бетінде пайда болып, жарияланғаннан кейін 24 сағат бойы пайдаланушының достарына қол жетімді болады. Бұдан бөлек, өздігінен жойылатын хабарламаларды кейбір адамдардан жасырып, «құпия етіп» қоятын арнайы функция бар. Осы мүмкіндіктердің барлығы жақын арада Android, iOS және Windows Phone операциялық жүйелерінде іске қосылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде