jasqazaq.kz

WhatsApp-та кезекті жаңа функция пайда болады

22 желтоқсан 2016, 3:39

WhatsApp-тың Twitter-дегі ресми аккаунтында енді белгілі мессенджерде жіберілген хабарламаны редакциялауға  мүмкін болатыны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат gagadget.com. сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp-та қарапайым мәтіндік хабарламаларды өшіру және редакциялау мүмкіндігінен бөлек, жіберілген фотосуреттер мен видеороликтерге өзгерістер енгізу функциясы да пайда болады. Әзірге жаңа функция қосымшаның тестілік нұсқасын пайдаланушылар үшін ғана қолжетімді. Бірақ алдағы таяу уақытта Android пен iOS-та WhatsApp-ты қолданушылардың барлығында іске қосылады. Еске салайық, ағымдағы жылдың қараша айында WhatsApp видеоқоңыраулар жасауға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосты. Сондай-ақ бұған дейін хабарланғандай, үстіміздегі желтоқсан айының соңында WhatsApp қосымшасы миллиондаған ескі смартфондарда қолжетімсіз болады. 2016 жылдың соңында WhatsApp қосымшасы Android, Windows және iOS операциялық жүйелерімен басқарылатын телефондарда өшетін болады. Ескі смартфондар алдағы уақытта сервисте әзірленіп жатқан жаңа мүмкіндіктерді орындай алмайтындықтан осындай шешім қабылданған. Аталмыш сервисті Android 2.1\2.2, Windows Phone 7, сондай-ақ iPhone 3GS\iOS6 операциялық жүйелерімен басқарылатын смартфондар пайдалана алмайтыны нақтыланып отыр. Ал 2017 жылдың маусым айында WhatsApp BlackBerry, сонымен қатар Symbian S40 және S60 фирмалық платформалары бар Nokia телефондарында өшетін болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде