jasqazaq.kz

Westoil Softwere: Ақылға келіп, заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз

05 наурыз 2024, 16:26

«Westoil Software” ЖШС мәлімдеме жасады.

Онда: «Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазір компания жұмысқа орналасу кезегіне тұрған жұмыссыз азаматтар арасында әңгімелесу жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтіп, сот шешімімен жұмыстан шығарылған заңсыз ереуілге қатысушылардың орнын басып, жұмысқа кірісіп жатыр», — делінген.

Компания алдағы уақытта заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген бұрынғы жұмысшылардың барлығын біртіндеп ауыстырады.

Дегенмен заңсыз ереуілге қатысушылардың жұмысқа қабылдау ісі аяқталмай тұрып, келісім комиссиясы арқылы жұмыс орындарына қайта оралуына мүмкіндік бар.

Westoil Softwere мәлімдемесінде:  «Ақылға келіп, заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз. Кәсіпорын өз тарапынан еңбек жағдайын жақсартуды, құрал-жабдықтарды жаңартуды және жылы автомобиль бокстарын салуды өз міндетіне алады», — делінген.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі